"Спутник V" вакцинасын қайта егуге болмайды - Роспотребнадзор

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Спутник V" вакцинасын қайта егуге болмайды - Роспотребнадзор

"Спутник V" вакцинасын араға екі жыл салып еккеннің өзі артық болуы мүмкін, себебі адам қанында антиденелердің жоғары деңгейі сақталады деген болжам бар. Бұл туралы Роспотребнадзор орталық эпидемиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық-аналитикалық жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Пшеничная "Соловьев LIVE" YouTube-шоу эфирінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RBC-ге сілтеме жасап.

Наталья Пшеничнаяның айтуынша, векторлық вакцина антиденелердің жеткілікті жоғарылауын қамтамасыз етеді.

"Ол ұзақ уақытқа сақталады деп болжанды. Бірақ сол вакцинаны кейін қайта егу мүмкін болмайды. Екі жылдан соң құрамы тура сондай вакцина салдырса, ағзада сақталған антиденелер оның компоненттерін жоюы мүмкін", - дейді маман.

Еске салайық, жақында Ресейде "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасының клиникалық сынақтары аяқталды. Ол коронавирус жұқтырып, аурудан айыққан адамдарға арналған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети