ШҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақ пилотының мәйіті табылды

© time.kz

Шы?ыс ?аза?стан тік?ша? апат?а ?шыра?ан жерде жедел-тергеу тобы ж?мыс істеп жатыр. Аяг?з ауданында апат?а ?шыра?ан ?ша?ты? ?алды?тары табыл?ан. О?и?а орнында ТЖД ж?не ІІМ ?ызметкерлері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан тікұшақ апатқа ұшыраған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Аягөз ауданында апатқа ұшыраған ұшақтың қалдықтары табылған. Оқиға орнында ТЖД және ІІМ қызметкерлері бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Осыған дейін, оқиға орнына құтқарушылар және олардың артынша жедел-тергеу тобы жеткен. 

"Апатқа ұшыраған тікұшақтың қалдықтары енді табылды. Қазір онда біздің қызметкерлер және тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында ұшқыштың мәйіті табылды, бірнеше сараптама тағайындалды. Сонымен қатар тікұшақтың қара жәшігін табу қажет, ол ары қарай жалғасатын тергеу шараларына көмегін тигізуі мүмкін", - деді ШҚО ТЖД өкілдері.

Реклама
Реклама

Ведомстводағылар жедел-тергеу тобымен байланыс орнату қиын екенін айтады, себебі апат болған жерде мүлдем байланыс жоқ. 

Еске салайық, жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған. Осыған дейін, апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі - Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болғаны хабарланған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама