ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқандарға 10 миллион теңге айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқандарға 10 миллион теңге айыппұл салынады Видео кадры

ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқан адамға 10 миллион теңге айыппұл салынады немесе ол бас бостандығынан айырылады. Қаскүнемдерді қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқан адамға 10 миллион теңге айыппұл салынады немесе ол бас бостандығынан айырылады. Қаскүнемдерді қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін қазақстандықтарға мессенджерлер арқылы "Аягөз. Түнгі екі, атыс" деген атаумен видео жолданған. Кадрлардан көліктердің бір-бірін қуғаны, кейін атыс басталып кеткені көрінеді. Қаруланған жолаушы автомат қаруынан тәртіп сақшыларына оқ атқандай болады. Кейін видео үзіліп кетеді.

ШҚО ІІД өкілдері Аягөзде атыстың болмағанын айтып отыр.

 "Мұндай видеоны тарап жатқанын біз білеміз, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Атап айтамын, Аягөзге бұл видеоның еш қатысы жоқ. Оның үстіне, алдын ала мәлімет бойыша, ролик 2015 жылы Ресейде әлеуметтік желілерде таралған. Видео Ресейде түсірілген болуы да мүмкін. Бұл тіпті Қазақстан емес! Бұл видеоны таратқандарды жедел іздестіріп жатырмыз. Жауапты адамдар 5 000 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды (10 605 000 теңге) немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети