ШҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін - "Қазгидромет"

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да су деңгейі көтерілуі мүмкін - "Қазгидромет"

Шығыс Қазақстан облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы 18-19 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының аласа таулы аудандарында ауа температурасының жоғарылауына және күтілетін жауын-шашын болжамына байланысты жергілікті және баурайлы ағын қалыптасып, су деңгейі көтерілуі мүмкін", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 12 наурызда ШҚО-ның кей жерлерін су басқан еді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

"Қазіргі уақытта 15 мың текше метр су тартылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар суды мотопомп пен инертті материалдармен тартып жатыр. (...) 112 нөміріне әлі де қоңыраулар келіп жатыр. Соңғы 24 сағатта шамамен 3 000 қоңырау келіп түсті. Әрбір қоңырау бойынша жедел штаб өкілдері айналысып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети