СҚО полицейлері жол апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО полицейлері жол апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жол апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері бұл акцияны алғыс айту күніне арнап ұйымдастырған. Донор болуға бірінші болып ІІД ЖПҚ басшысы полиция полковнигі Қанат Айтбаев келді.

"Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 27 жол апаты тіркеліп, 38 адам зардап шекті. Алайда, бір қуантарлығы өткен жылғы көрсеткіштерді 2014 жылмен салыстырғанда тіркелген жол апаттарының саны 17 пайызға, ал биылғы екі айды өткен жылдардағы айлармен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Дегенмен жолдардағы ахуал алаңдатушылық тудырмай қоймайды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл өңірде полицейлер жыл сайын донор болып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге көмектеседі. Биыл бұл акцияға 30-дан аса полицей қатысқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети