Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Сіркесу ішіп өлгісі келген әйелдің несиесін облыстық мешіт төлеп берді

21 Қаңтар 2015, 18:01
1
Коллаж. ©Тengrinews.kz
Коллаж. ©Тengrinews.kz
Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Нұрлан Байжігітұлы.
Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Нұрлан Байжігітұлы.

Шығыс Қазақстанда облыстық мешіт сіркесу қышқылын ішіп өлгісі келген әйелдің несиесін төлеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың бас имамы Нұрлан Байжігітұлына сілтеме жасап.

Бас имамның айтуынша, ол несиесін төлей алмаған 37 жастағы әйелдің сірке қышқылын ішкені жайлы ақпаратты Tengrinews.kz порталынан оқып қалған. "Әйел туралы осы сайттан оқып қалып, бұл жайт жүрегіме қатты батқан еді. Пайғамбар туған Мәуліт айында қайырымдылық жасағымыз келді. Содан Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімі арқылы бұл әйелдің жағдайын сұрадық. Әйел ауырып жатқандықтан күйеуімен сөйлестік", - деді бас имам. Бұдан кейін мешіт өкілдері зардап шеккен әйелдің өзінің және күйеуінің атында 398 мың теңге көлемінде несие бар екенін анықтайды.

Облыстық мешіт өкілдерінің айтуынша, бұл отбасы екінші деңгейлі банктердің бірінен карталық несие алған, кейін оның пайызы көбейіп кеткен. "Ислам діні жалпы несиені жақсы көрмейтіні белгілі. Сондықтан отбасының ауыр жағдайын біліп, мешіт атынан оның несиесін жауып бердік. Жалпы бұл ғана емес, діни басқарманың бізге қоятын талабы да осы - халықпен бірге болып, қайырымдылық істерімен айналысу", - деді имам. Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, қазіргі уақытта әйелдің денсаулығы түзелген.

Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында бір әйелдің сіркесу қышқылына уланып өлгісі келгені хабарланған болатын. 34 жастағы әйел Шемонаиха ауданының орталық ауруханасына "сіркесу қышқылынан улану" диагнозымен түсті.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай