23 ақпан 2021 | 17:10

"Сіріңке немесе оттық" - Ильин Жамбыл облысында бес бала қаза тапқан өрт туралы

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасына сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы бес баланың қазасына сіріңке немесе оттық себеп болуы мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен анасының бес баланы, соның ішінде жеті айлық сәбиді қалдырып, үйден шығуына не себеп болғанын толық білмеймін. Маңызды себептер болған да шығар, бірақ сонда да қайғылы жағдай болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ең алдымен, үй көпқабатты екенін және орталық жылыту жүйесіне қосылғанын айта аламыз. Пеш жоқ. Жылу орталықтан келеді, батарея сынды электр аспаптары мен майлы радиаторлар болмаған. Электр сымдарының бұзылуы, аспаптардың тұйықталуы да анықталған жоқ. Бұл төмен калориялық от көзі болуы мүмкін. Бұл балалардың от аспаптарын абайсыз қолдануы, мүмкін сіріңке немесе оттық", - деді министр редакция тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында.

Ведомство басшысы нақты себеп анықталып жатқанын айтты. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

"Бүкіл еліміздің басына түскен трагедия" - Тоқаев бес баланың қазасы туралы

Бұған дейін өрттің алдын ала себептері айтылған болатын. Баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев қайғылы оқиға тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындағанын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная