Жамбыл облысында өрт болып, бес бала қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан.

Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының отағасы жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған барлық бала улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия құрылып, оқиға орнына шықты. Комиссия құрамына прокуратура, полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кірді", - делінген хабарламажа.

Зардап шеккен отбасына жергілікті атқарушы органдардың жан-жақты көмегі, оның ішінде психологтардың көмегі және жерлеуді ұйымдастыру көрсетілетіні айтылады.

"Жамбыл облысы ТЖД жедел тобы, жылжымалы өрт-техникалық зертханасы, жедел топ және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің психологтары Жаңатасқа шықты. Сонымен қатар, оқиға орнына облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров пен полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов шықты. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 6 қызметкері және 1 дана техника жұмыс істеді. Өрт толықтай сөндірілді. Улы газдан улану жағдайлары оның жану өнімдерінде газдың толық жанбауы кезінде пайда болады, онда адам ағзасына әсер ететін улы газ пайда болады!", - делінген хабарламада.


Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

Еске салайық, 2019 жылғы ақпанда Нұр-Сұлтандағы Көктал-1 тұрғын алабында өрт 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес баланың өмірін жалмаған. Ол кезде жекеменшік үй маңында салынған шағын үй өртенген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer