Жамбыл облысындағы бес баланың қазасы: өрттің алдын ала себебі аталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында бес бала қаза тапқан өрттің алдын ала себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі пәтердегі өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне от түсуі салдарынан туындаған.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз брифингінде Жамбыл облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев хабарлады.

"Өрт дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-сараптама орталығы мамандарының алдын ала мәліметтері бойынша, өлім улы газдан уланудан, ал өрттің ашық от көзі тұтанғыш материалдың, яғни төсек-орын жабындарының бетіне тигенінен болған", - дейді Ратаев.

ПД өкілі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін өрт себептерін айтуға уәде берді. 

Өз кезегінде ТЖ департаментінің басшысы Ермек Момбаев өрт-техникалық зертхананы зерттеудің алдын ала деректерін жариялады.

"Өрт бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде болды. От балалар бөлмесінде тұтанған. Жалын 16 шаршы метр аумақты қамтыды. Жылжымалы өрт-техникалық зертханамен зерттеу жүргізу кезінде оқиға орнында жанған сымдар мен электр жабдықтары, пеш немесе басқа да қосымша жылыту құралдары табылмады, үй орталық жылытуға қосылған", - деп атап өтті ТЖД басшысы.

Арнайы комиссияның төрағасы, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің өкімімен комиссия құрылды, оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, ТЖ департаментінің және басқа да жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері енді. Кеше комиссия мүшелері қайғылы оқиға орнына барып, жұмыс жүргізіп жатыр. Біздің тарапымыздан барлық қажетті көмек көрсетіледі, соның ішінде психологиялық көмекті және жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қол ұшын береміз", - деп Ұлан Жазылбек зардап шеккен отбасына көңіл айтты.

Оның айтуынша, отбасы толыққанды, отағасы медицина мекемесінде жұмыс істейді, анасы декреттік демалыста (мектепте мұғалім).

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде өрттен зардап шеккен 60 жастағы әйел туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқа зардап шеккендер жоқ", - деп атап өтті Ұлан Жазылбек.

Еске салайық, кеше, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Астанада ірі өрт шықты
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 519.5  course up  611.91  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer