Беларусь президенті Александр Лукашенко Ақмоладағы әйелдер лагері туралы баяндайтын "АЛЖИР" мұражайлық-мемориалдық кешенінің тарихына қызығушылық білдірді. Александр Лукашенко Астанада Нұрсұлтан Назарбаевқа Беларусь Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінен арнайы алдырған құпия құжаттарды табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Лукашенконың ресми интернет-порталына сілтеме жасап.

Лукашенко 1930 жылы саяси себептермен сотталып, Қазақстанға жер аударылған Белорус Кеңестік Социалистік Республикасының әйелдері туралы құжаттың көшірмелерін берген. Құжаттар мұражайлық-мемориалды кешенге табысталды.
"Сіз тарихи шындыққа жақ адам екеніңізді білемін. Сіз Ақмоладағы лагерь орнына мұражай салуға көп күш жұмсадыңыз", - деді Лукашенко.
Лукашенко Астанаға жақын жерде бұрынғы лагерь орнына мұражай салынатынын білген кезде Беларусьтің Мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне архивтегі материалдарды зерттеуді тапсырғанын айтады.
"Біз қызық деректер таптық. Олар бұл мұражайдағы біздің көрменің негізі болады деген ойдамын", - деп атап өтті ол.
Лукашенконың айтуынша, табысталған құжаттар - Беларусь жазушыларының әйелдеріне қатысты құжаттар, жер аударылған әйелдердің туыстары жазған хаттар. Олардың ішінде Беларусьтің халық ақыны Петруся Бровканың енесі де болған.
"Жер аударылғандардың туыстарының Берияға және Сталинге жазған хаттар да бар. Бірегей құжаттар", - деп мәлімдеді Лукашенко Назарбаевқа.
"Қазақстан президенті құжаттарды құрметпен қабыл алды. Нұрсұлтан Назарбаев лагерь орнындағы мұражай сотталғандардың тұрмысы мен қандай жағдайда болғанын шынайы көрсетуге тырысқанын айтып берді", - делінген Беларусь президентінің сайтында.
"Адамдар азаптан өлді. Мұны ұмытуға болмайды!", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.