Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанның бизнесмен Стати үстінен жазған арыз-шағымы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанның бизнесмен Стати үстінен жазған арыз-шағымы туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Стати талап етіп отырған ақшаны төлемейді. Бұл залалды әртүрлі жолмен есептеуге болады. Егер заңгерлерге жұмсалған тікелей шығындар туралы айтар болсақ (бұл бірінші есептелетін блок), беделге келтірген шығындарды есептеуге де болады. Одан бөлек, Ұлттық банк залал, жоғалған табыс бойынша шағым түсіре алады. Қаражат арнайы арыз-шағым шотына орналастырылған кезде (бұғатталған), қорлар мүмкіндігінше жұмыс істей алмады. Бұл айырмашылықты да белгілі бір формула бойынша есептеу қажет. Негізі, мұнда да шағым жазуға болады. Бұл жерде міндетті максимал соманы өндіріп алу әрекеті маңызды емес.
Статидің өзі Молдовада тұрады. Оның мүлкі басқа да көптеген сот процесі бойынша бұғатталған. Оған кредит бергендер көп, оның қылмыстық әрекеті бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Статиге қазір Қазақстан ғана шағым түсіріп отырған жоқ", - деді Бекетаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әділет министрлігі басшысының айтуынша, алдағы уақытта толық соманы өндіріп алу мүмкін емес. Алайда, министрдің сөзінше, мұнда Қазақстанның осындай алаяқтарды анықтауға, мұндай агрессив әрекеттерге қарсы тұруға қажетті ресурсы барын дәлелдеу маңызды.
"Халықаралық қор және инвестициялық нарықтағы негізгі ойыншылар осыны көрген кезде, олар Қазақстан мен оның құқықтық жүйесі дамып жатқанын, тиісінше, Қазақстанға инвестиция құюға болатынын түсінеді", - деді Марат Бекетаев.
Еске салайық, Нидерланды Жоғарғы Соты 24 желтоқсанда Амстердам Апелляциялық сотының Нидерландыдағы төрелік шешімді тану туралы 2020 жылғы шешімін жарамсыз деп таныған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!