06 ақпан 2018 | 15:48

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анар Мешімбаева. © Tengrinews.kz Анар Мешімбаева. © Tengrinews.kz

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2018 жылдың 5 ақпанында жаза мерзімі аяқталды. 2014 жылы Мешімбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал Астананың қылмыстық істер жөніндегі сотының апелляциялық алқасы экс-шенеунікке қатысты жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырғандықтан, ол Алматы облысындағы жалпы тәртіптегі колонияға кезеңделген еді. Бір жыл және бес ай уақытта Анар Мешімбаева Алматы облысындағы қоныс колониясында болды. Сөйтсек, 2015 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы рақымшылық туралы жарлығымен Анар Мешімбаеваның жазасы екі есеге азайған екен.


© Tengrinews.kz

Еске салайық, 2014 жылдың 14 наурызында Астанадағы Есіл аудандық №2 cоты судьясының шешімімен Статистика агенттігінің бұрынғы басшысына мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызмет лауазымын атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жеті жыл жаза өтеу үкімі шығарылған еді. Сот Мешімбаеваны ҚР Қылмыстық кодексінің "Жымқыру" және "Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану" баптары бойынша айыпты деп таныды.

Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс 2010 жылдың қаңтарында қозғалған болатын. Ол ұлттық халық санағын өткізуге бөлінген 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталды. Кейін Статистика агенттігінің экс-басшысына халықаралық іздеу жарияланды. 2013 жылдың қыркүйегінде ол Мәскеуден экстрадицияланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети