09 желтоқсан 2015 16:20

Степногорск әкімі жас кезде қалай әкім болу керек екенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Stepnogor.kz © Stepnogor.kz

Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жас кезде қалай қала басшысы атануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Брифинг кезінде тілшілер оның масап жолындағы жетістігінің құпиясына қызығушылық танытты.


Степногорск қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев жас кезде қалай қала басшысы атануға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Брифинг кезінде тілшілер оның масап жолындағы жетістігінің құпиясына қызығушылық танытты.

"Үнемі еңбектеніп, өзіңмен айналысу керек деп ойлаймын. Мұның барлығы бала кезімізде ата-анамыздан беріледі. Елбасы айтқандай, ең бастысы - еңбектену. Қазір басшылық бізді дұрыс жаққа қарай бағыттайды, сондықтан да білім алып, соған сәйкес болу керек", - деді Күмпекеев.

Айта кетейік, Әнуар Күмпекеев 1984 жылы туылған, ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, "Болашақ" бағдарламасының шәкіртақысына ие болған. Күмпекеев қала басшысы қызметіне 2015 жылы тағайындалды. Оған дейін ол Степногорск әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен қатар, Күмпекеев брифингте қаладағы тау-химиялық зауытта қысқартулар болатынын мәлімдеді. "Қазір біз 42 адамды жұмыстан шығаруды жоспарлап отырмыз. Дегенмен тек 12 адамға жұмыс табылған жоқ. Олар әлеуметтік көмекпен қамтылған. Біз мұнымен тоқтамаймыз, "Моноқаланы дамыту" бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлікке 3 грант бөлдік. Ол жерге де жұмысқа орналастыруды ойлап отырмыз. Мұның барлығы әкімдіктің қадағалауымен өтеді", - деді әкім. Ол қалған 30 адамның жұмыс тапқанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети