Студенттер баспанаға ақша жинап жатыр: 76 жастағы профессорды алаяқтар алдап кеткен

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Студенттер баспанаға ақша жинап жатыр: 76 жастағы профессорды алаяқтар алдап кеткен Фото: facebook.com/kaken.kamzin

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 76 жастағы профессоры Кәкен Қамзин интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 76 жастағы профессоры Кәкен Қамзин интернет-алаяқтардың құрбаны болды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Әлеуметтік желілерде арнайы орган қызметкерлері болып танысқан белгісіз адамдар Кәкен Қамзинмен хабарласып, алаяқтар оның пәтерін тартып алуы мүмкін екені айтылған ақпарат тарады. Олар профессорға пәтерін сатып, ақшаны банк шотына салуға кеңес берген. Ол "кеңеске" құлақ асып, пәтерді сатқаннан кейін түскен ақшаны алаяқтар жіберген курьерге табыстаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, қазіргі пәтер иелері профессордың дереу көшуін талап етіп отыр. Осы уақытта студенттер мен оқиғаға бейжай қарамаған қазақстандықтар ұстаздың баспанасын қайтару үшін қаражат жинап жатыр.

Полиция не дейді?

ОҚК брифингінде ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай бұл қылмыс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Тергеу мүддесіне байланысты ақпарат жария етілмейді. Қылмыскерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын ғана айта аламын", – деді ол.

Журналистер профессор жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін бе деп нақтылады.

"Менің ойымша, ол баспанасыз қалмайды. Бұл пәтер өзінікі. Алаяқтық әрекеттерге процессуалдық баға беріледі", – деп жауап берді Жандос Сүйінбай.

Сондай-ақ, ол пәтерді сатып алушылардың іске қатысы бар-жоғы да тексерілетінін айтты.

ҚазҰУ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Кәкен Қамзин 1949 жылдың 13 маусымында Талдықорған облысы Алакөл ауданының Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Журналистика факультетінің "Баспа ісі және электронды БАҚ" кафедрасының доценті – өзі оқыған жоғары оқу орнында сабақ береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети