17 ақпан 2017 | 17:39

Студенттердің 95 пайызы танысың, ағаң, көкең болмаса прокуратураға тұру мүмкін емес деп жауап берген - Асанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов студенттермен және ұстаздармен кездесті. Ол студенттік шағы осы қара шаңырақта өткенін, және бұл оқу ордасы Қазақстанындағы үздіктердің бірі екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов студенттермен және ұстаздармен кездесті. Ол студенттік шағы осы қара шаңырақта өткенін, және бұл оқу ордасы Қазақстанындағы үздіктердің бірі екенін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Бас Прокурор жаңа жұмысқа кіріскенде кадр таңдау мәселесіне баса назар аударғанын айтты. "Жастар арасында сауалнама жүргіздік. Студенттердің 95 пайызы танысың, ағаң, көкең болмаса прокуратураға тұру мүмкін емес деп жауап берген. Осы көзқарасты біз өзгерттік. Қазір еш таныссыз, байланыссыз бізге жұмысқа тұруға болады. Екі конкурс өтті. 2 мың кандидаттың ішінен тек 126-сы жұмысқа қабылданды. Оның 21-і, әрбір алтыншысы, осы Университеттің түлегі. Сондықтан сіздерді құттықтаймын» деп жиналғандардың көңілін көтеріп тастады", - деді Жақып Асанов.

Сондай-ақ, Жақып Асанов жастармен тәуелсіздік жетістіктері тұрғысында ойымен бөлісті. Егемендіктің қадірі, шекара мәртебесі және Астананың қарқындап дамуы - жастардың қолындағы басты байлық екенін шегелеп айтты. Сонымен қатар, Бас прокурор адамдардың өмір сүру деңгейін 90-шы жылдармен салыстырып берді.

Оның айтуынша, өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 72-ге ұзарды; бір жылда 350 мың бала туылса, қазір 400 мың бала дүниеге келеді; бала өлімі 2 есе азайса, ана өлімі 6 есе төмендеген және 1 миллион қандасымыз елімізге оралған.

ҚР Бас прокуроры осы жетістіктер мен құндылықтарды сақтап қана қоймай, жүрген жерде оны айтып, таратып жүру - әр азаматтың парызы екенін жеткізді.

Кездесу барысында Елбасы жолдауында айтылған басты бағыттар да қозғалды. Бас Прокурор бұл өзгерістердің жерді сатуға мүлдем  қатысы жоқтығын ескертті. Ешқандай жер өзгеге берілмейтінін шегелеп айтқан Жақып Асанов жұртшылықты қаңқу сөзге ермеуге шақырды. Сондай-ақ, ол қоғамға іріткі салуға құмарлардың әрекетіне жол берілмейтінін жеткізді. 

Жақып Асанов сөз соңында студенттерге ақыл-кеңестерін берді. Білім алып, көшбасшы болуға талпыну қажеттігін айтып, кітап көп оқуға кеңес берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети