Подполковник Денис Горбуновтың сүйегі салынған мырыш табыт бүгін, 28 қыркүйекте сағат 16.25-те оның туған жері - Қостанай облысына жеткізілді, - деп хабарлайды "Наша газета". Марқұмның туыстары, жақындары мен достары сүйекті ұшақтан қарсы алып, сол жерден оның портретін, наградалары мен гүлдестені алып жүрді. Табытты Горбуновтың әріптестері көтерді.
Подполковник Денис Горбуновтың сүйегі салынған мырыш табыт бүгін, 28 қыркүйекте сағат 16.25-те оның туған жері - Қостанай облысына жеткізілді, - деп хабарлайды "Наша газета". Марқұмның туыстары, жақындары мен достары сүйекті ұшақтан қарсы алып, сол жерден оның портретін, наградалары мен гүлдестені алып жүрді. Табытты Горбуновтың әріптестері көтерді.
Денистің анасы Татьяна Александровна келіні Люба мен екі немересін жылап қарсы алды. "Тағдыр әрқашан қиын жолды таңдайды. Көк аспаннан тамаша не бар еді?! Мен мұны 25 жыл қызмет еткен ұшқыш ретінде айтып тұрмын. Біз Дениспен бір академияның параллель топтарда оқыдық. Ол тамаша ұл, жар, сүйікті әке болды. Бірақ ұшқыштарға "болды" деген сөз қолданылмайды. Олар ұшады да, оралмайды", - деді қоштасу рәсімінде ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Кәрбенов.
Оның айтуынша, ұшқыштарда катапультаның көмегімен жерге түсетін уақыт болды, бірақ жолдарында елді мекен кезікті. Пилоттар жергілікті тұрғындардың өмірін сақтау үшін өз бастарын өлімге тікті. Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко да сөз сөйлеп, қала басшылығы атынан марқұмның барлық туысына көңіл айтты.
Басылымның хабарлауынша, подполковник Горбунов барлық жауынгерлік сый-құрметімен жерленді. Айта кетейік, бүгін Талдықорғанда подполковник Ерлан Науанов та жер қойнына тапсырылды.
Горбуновтың сүйегі Қостанайға жөнелтілместен бұрын екі ұшқыштың жаназасы Талдықорғанда Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында шығарылды, марқұмдармен қоштасуға ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы күштері бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов, Талдықорған гарнизонының сарбаздары мен офицерлері және басқа да адамдар келді.
Жаназа соңында ұшқыштарға бір минут үнсіздік арналып, оқ атылды. Табытқа жабылған Мемлекеттік ту ұшқыштардың жесірлеріне берілді, содан кейін офицерлер табыттарды орталық көшелермен алып жүрді.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың 23 қыркүйегінде оқу-жаттығу ұшулары кезінде Су-27 ұшағы апатқа ұшырап, екі пилот - подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбунов қаза тапқан болатын. Әуе апатының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.