Су басқан Аягөзге Алматыдан қайырымдылық керуені аттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су басқан Аягөзге Алматыдан қайырымдылық керуені аттанды Сурет ҚМДБ баспасөз қызметінен

Алматыда Орталық мешіттің ұйытқы болуымен, қала мешіттері және "Ихлас" қайырымдылық қорының атсалысуымен Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Орталық мешіттің ұйытқы болуымен, қала мешіттері және "Ихлас" қайырымдылық қорының атсалысуымен Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға материалдық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

19 наурызда өңірге 15 тонна қайырымдылық жүгі артылған автокеруен жол тартты. "Қайырымдылық керуені" атты акциясына Алматы қаласының тұрғындары мен дін қызметкерлері қатысып, үлес қосты. Акция аясында тұрмыстық заттар, киім-кешектер, көрпе-жастық және қаржылай көмек жиналды.

Алматы қаласында ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шарасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен атқарылып жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен бауырларымыздың басына түскен ауыртпашылық - барша халқымызға ортақ мәселе. Қиналған бауырларымызға қол ұшын созып, көмек көрсету баршамызға міндет. Қазір Аягөз ауданына 4,5 миллионнан астам қаржылай жәрдем, 15 тонна азық-түлік, жаңа киімдер, құрылыс заттары, көрпе-төсек, балаларға арналған тәттілер жіберіліп отыр", - деді бас имам Еркінбек Шоқай.

Қайырымдылық шаралары Діни басқарма бекіткен жұмыс бағыттардың бірі. "Қайырымдылық керуені" акциясы - қоғамда мейірімділікті, өзара риясыз көмек жасауды насихаттауға, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірі мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған игі жоба.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети