“Су шайып кеткен“. Сарқанда зиратты тағы да су басты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Сарқан қаласында православ зиратын тағы да су басты. Аудан әкімдігі мәліметінше, бұған жергілікті тұрғындардың бірінің санитарлық арнаны өз бетінше жауып тастауы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сарқан қаласында православ зиратын тағы да су басты. Аудан әкімдігі мәліметінше, бұған жергілікті тұрғындардың бірінің санитарлық арнаны өз бетінше жауып тастауы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зираттағы жағдай түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Видеоны түсірген адам зираттың батпаққа айналғанын, тіпті биіктеу жерде орналасқан қабірлердің де су астында қалғанын айтады.

"Қанша су келген. Егін егетіндер арықтарды тазаламайды. Салдарынан қабірлерді су басқан. Су шайып кеткен", - дейді әйелдің дауысы

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Diana Alina (@diana.alina.50552)

Сарқан қаласының әкімдігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Әкімдік суды тоқтату бойынша шаралар қабылданғанын хабарлады.

"Әкімдік жедел әрекет етті, техника мен жұмысшылар тартылып, су тоқтатылды. 2024 жылы жерлеу орнын қорғау мақсатында санитарлық арна қазылған болатын. Алайда көктемде, православ мерекесі қарсаңында, Сарқан қаласының бір тұрғыны осы арнаны жауып тастаған. Соның салдарынан су өз арнасымен кетпей, зират маңында жинала бастаған. Осыған байланысты әкімдік тұрғындарға су өту жолын қалпына келтіру қажеттігін ресми түрде ескертті", – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Айта кетейік, былтыр маусымда да іргелес жатқан соя алқабын суару салдарынан зират су астында қалған еді. Сол кезде әкімдік фермердің жер телімі тәркіленетінін мәлімдеген болатын.

"Жер иесіне санитарлық аймақ пен су бұру жүйесін жасау қажеттігі бірнеше рет ескертілді, бірақ ол талаптарды орындамады. Жер және су кодекстерінің нормаларын бұзғаны үшін жер телімін мәжбүрлеп тәркілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деген еді 2024 жылы Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ билік бұл мәселеге қатысты материалдар полицияға жолданғанын хабарлаған. Алайда берілген уәделерге қарамастан, зират қайтадан қауіпке ұшырап отыр, ал салдары әлі жойылмаған.

Қазіргі уақытта аудан әкімдігі бұл мәселелерге қатысты: жер телімі тәркіленді ме, қазір ол кімнің қарамағында, арнаны жауып тастаған тұрғын жауапкершілікке тартыла ма және оның әрекетінің мақсаты қандай болғаны туралы сұрақтарға жауап бермеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.6  course up  593.85  course up  6.53  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer