22 сәуір 2015 | 10:35

Су тасқыны: Гуманитарлық көмек көрсету пункттерін жедел әрекет ету арнайы жасағы күзетіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы гуманитарлық көмек көрсету пункттерін жедел әрекет ету арнайы жасағы күзетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы гуманитарлық көмек көрсету пункттерін жедел әрекет ету арнайы жасағы күзетіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқар жырау ауданындағы Ғабиден Мұстафин (бұрынғы Токаревка) атындағы ауылында  "ҚР Қызыл Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің еріктілері киім, азық-түлік және ең қажеті заттарды тарату пунктін ашты. Мұнда, еріктілердің айтуынша, көмек көрсеткісі келген қазақстандықтардан күн сайын көмек келіп жатыр. Жүздеген келі азық-түлік пен заттар келеді. Көмек қабылдау пункттерін кімнің жергілікті тұрғын екенін және кімнің сырттан келгенін анықтай алатын адамдар күзетеді. Мамандандырылған күзет қызметінің өкілі екендігін айтып, олар құжаттарды тексереді, содан кейін ғана ғимаратқа кіруге рұқсат береді.  

Бұл кабинетте бірнеше ерікті әйел бар, олар көрші аудандардан келген. Келіп жеткен киімдер мен аяқ киімдерді қабылдап, бөледі: балалар, әйелдерге және ер адамдарға. Мұнда жазғы, қысқы мерзімдерге арналған жүздеген келі заттар бар. Оларды сорттап жатқан әйелдер бұл заттардың ішінде жаңаларының да бар екенін айтады. Бағалы жүннен жасалған тонның да келкені айтылды.

Көптеген жергілікті тұрғындар мұнда келіп, заттарды алып қайтады. Қалған киімдердің қайда кететіні жайлы сұраққа еріктілер мұқтаж жандардың жетіп артылатынын айтты. "Бәрі адамдарға беріледі. Ризашылықпен алады. Жаңа, ескі, таза, бірақ сапалы киімдер келеді. Бәрін көрші ауылдарға апарамыз, таратамыз, ол жақта да адамдарға көмек керек", - деді "ҚР Қызыл Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің еріктісі.

Көрші кабинада еріктілер гуманитарлық көмек алғандардың аты-жөнін жазып отырады. Кейін барлық мәлімет электронды мәліметтер базасына енгізіледі. "Былайша айтсақ, бұл - көмектің өз орнымен кеткені жайлы есеп", - дейді волонтерлер.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, 20 сәуірде гуманитарлық көмекті 112 адам алды, ал жалпы көмекке қол жеткізгендердің саны - 709. Зардап шеккендер 9 тонна азық-түлік пен алты тонна киім-кешек алды.

Өткен аптада су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға есепшот ашылған болатын. Облыс билігі азаматтарды зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырып жатыр және қаржы аударымдарын жасауға болатын реквизиттерді ұсынды.

"Bank RBK" АҚ Қарағанды қаласы
БИК KINCKZKA
ИИК KZ098210139812154223
КБе 18 

Еске салайық, Қарағанды облысындағы апаттан кейін әлеуметтік желілерде қазақстандықтар зардап шеккендерге қаражат жинау жайлы акция жариялаған болатын. Астана, Алматы және тағы да басқа қалаларда гуманитарлық көмек жиналып, қажеттілік заттары апат болған өңірлерге жіберіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети