Су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін: Қазгидромет хабарламасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін: Қазгидромет хабарламасы Фото: ТЖМ

Қазгидромет Қазақстанда су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет Қазақстанда су тасқыны жағдайы күрт нашарлауы мүмкін екенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер мәліметінше, Жайық өзені ағынының қалыптасуының жоғарғы аймағындағы бақылаулар деректеріне негізделген Росгидромет болжамдарына сәйкес, көктемгі су тасқынының күтілетін көлемі 2023 жылғы орташа көпжылдық мәндер мен көрсеткіштерден 2-2, 5 есе асатын болады.

Қазақстан аумағында Орал-Көшім (Батыс Қазақстан облысы) гидропосты бойынша өзенді ашудың күтілетін мерзімдері 2024 жылғы 7-12 сәуір аралығында болжанады.

"Орал-Көшім учаскесіндегі көктемгі су тасқыны көлемі 11.0-ден 15.0 текше километрге дейін болады деп күтіледі, бұл былтырғы көрсеткіштерден едәуір асып түседі және рекордтық мәндерге жақындайды", - деп қосты "Қазгидромет" РМК.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети