Кеше | 10:31

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражат күдіктілердің шотынан табылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының арнайы прокурорлары300 миллион теңгеден аса қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады.

"Аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген. Күдіктілер әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі бойынша сараланды", - делінген хабарламада.

Көрсетілген бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Екі күдікті сот санкциясымен күзетпен ұстауға, қылмысқа үшінші серіктес үйқамаққа алынды Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Алматы, Астана қалаларында коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құрылғылар және банк шоттарында 50 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат табылды. Тиым салынған мүліктің бағаланған құндылығы 335 миллион теңгеден асты".

Прокурорлар аталған мүліктің бір бөлігі жалға беріліп, қылмыстық пайда түсірілгенін анықтады. Сол себепті, бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218 бабы 3 бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Қазіргі уақытта, қылмыстық процесске қатысушылармен қылмыстық іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети