Су тасқынынан зардап шеккен қызға үй салып беруге дайын қайырымды жандар табылды. Бұл туралы Facebook желісінде Қайрат Құдайберген жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Су тасқынынан зардап шеккен қызға үй салып беруге дайын қайырымды жандар табылды. Бұл туралы Facebook желісінде Қайрат Құдайберген жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Құрметті достар, Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен осы қыздың отбасын тауып берулеріңізді сұраймын! Достарымызбен су тасқынынан зардап шеккен үйіне жөндеу жүргізуге дайынбыз, ал егер техникалық себептерден қайта жөндеуге келмесе, жаңа үй салып бергіміз келеді. Өкінішке қарай, барлығына бірдей көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ, бірақ егер барлығымыз біріксек, алар асуымыз болмайды, көп түкірген көл дейді ғой", - деп жазды Құдайберген.
Ол мұның шын жүректен жасалып жатқанын және көмектесуге келіскен достары мен бауырына алғыс айтты.
"Біз бұл отбасыны өзіміз тапқымыз келді, бірақ таба алмадық сондықтан көмекті сізден сұрап отырмыз, құрметті достар! Дереккөзіміз бойынша, Махаббаттың (суреттегі қыз) анасы Махамбет ауылында тұратын Ешімова Тұрғанкүл. Осы зардап шеккен отбасы жайлы мәліметтеріңіз болса, інім Ғафиздың нөміріне хабарласыңыздаршы: 8701 613 33 33. Алдын ала барлығыңызға алғыс айтамын! Жаратқан елімізді және отбасымызды қайғы-қасіреттен сақтасын!", - деді ол.
Еске салайық, 10 жастағы ақтөбелік оқушының сөздері қазақстандықтардың жүрегін тебіренткен еді. Су тасқынының салдарынан Махаббат Ешімованың үйі қирап қалған. Қыз мектеп формасы мен оқулықтардың бүлінгеніне қатты өкініп, видеоүндеу жолдаған еді. Кейін қыздың бұл үндеуіне еліміздің Білім және ғылым министрлігі жауап берген еді. "Қазіргі уақытта оған мектеп формасы, мектепке қажетті заттар мен оқулықтар, сөмке және жаңа киім берілді", - деп жауап берген еді министрлік өкілдері.