Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға миллиард теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға миллиард теңге бөлінеді Қарағанды облысындағы су тасқыны. ©Айсұлу Бұштаева

Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Алексей Советовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан зардап шеккен қарағандылықтарға миллиард теңге бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы Алексей Советовқа сілтеме жасап.

Төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы 2015 жылдың 15 сәуірінде Астанадағы баспасөз мәслихатында премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өңірлердегі су тасқыны жағдайы бойынша аймақтық жиынын өткізгенін хабарлады.

"Жиын кезінде Сағынтаев мемлекет бюджетінен миллиард теңгені апаттық-құтқару жұмыстарына және Қарағанды облысының халқына бірінші кезектегі көмекті көрсету үшін бөлуді тапсырды", - деді Советов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. 

Сонымен қатар, Советов Нұра өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қарағанды облысының екі ауданында 20 елді мекендегі 7300-ден астам тұрғынның эвакуацияланғанын, 10 мың үй жануарының қауіпсіз жерге айдалғанын нақтылады.  

"706 үйі су астында қалған Мұстафин атындағы ауылдың эвакуацияланған тұрғындары. Жалпы 2350 адам эвакуацияланды, 10 тұрғын құтқарылды. (...) Қызылжар халқы эвакуацияланды. Теміртауда жеке сектордағы 46 үй су астында қалды, 48 адам эвакуацияланды", - деді ол.

Ақмола облысында, оның мәліметінше, Целиноград ауданындағы елді мекендерде қар суын сору, инертті материалдар салынған мүшектерді қою сияқты жұмыстар жалғасып жатыр. "15 сәуірде таңғы уақыттан бастап Атбасар қаласы мен ЖБК ауылынан халықты эвакуациялау шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Советов.

Еске салайық, 23-29 наурыз аралығында Қарағанды облысындағы төрт ауданның су астындағы қалғаны тіркелді. Тасқынның екінші толқыны 6 сәуірде басталды. Уәкілтті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Акмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети