Су тасқынынан зардап шеккен қыз үкіметке алғыс айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су тасқынынан зардап шеккен қыз үкіметке алғыс айтты

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз үкіметке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз үкіметке алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мектеп партасында отырып сөйлеген 4 сынып оқушысы Махаббаттың видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Видеода ол мектепте жаңа достар тапқанын айтады. "Осы мектепте оқып жатырмын, білімімді алып жатырмын. Оқушылармен тез тіл табыстым. Осы өзімнің директорыма, үкімет басқармасына, бәріне рақмет айтамын. Оқулығымды, бәрін беріп жатыр", - дейді қыз. 

Айта кетейік, кеше, су тасқынынан зардап шеккен Ешімовтар отбасы жайлы хабар тараған еді. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған.

"Барлық кітабым үйде қалып қойды. Жоғалды. Билік қайда қарап отыр. Кітабымды қайтарған жоқ. Әкем кезекте жылдап тұрады, не пайдасы бар? Барлық затымыз сонда қалып қойды. Оқуыма алаңдадым, енді үйімізден де айырылып қалдық. Неге біз мұнда тұруымыз керек дейсіздер? Еңбегімізбен салған үйіміз еді", - деген еді қыз видеода.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған комиссия құрылған. Материалдық көмек көрсеткісі келетіндер "Қолғанат Ақтөбе" қоғамдық қорының есебіне қаражат аудара алады. 

KIWI әмиян: +77058202666 БИН 170240000585 ИИК KZ 819260101193016000 "Казкоммерцбанк" АҚ-да БИК KZKOKZKX.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети