14 маусым 2016 | 12:05

Судья елімізде лаңкестік жасағандарды өлім жазасына кесуді енгізу жөнінде пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тheobamacrat.com © Тheobamacrat.com

Судья Қазақстанда лаңкестік жасағандарды өлім жазасына кесуді енгізу жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Судья Қазақстанда лаңкестік жасағандарды өлім жазасына кесуді енгізу жөнінде пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы аптада бұл сұрақ маған жиі қойылатын болды (өлім жазасына кесу мораторийін алып тастау - Авт.), әрі өте қызу талқыланып жатыр. Еліміздегі кейбір депутаттар мораторийді алып тастау мәселесін ұсынды. Менің ойымша, судья ретінде айтарым, кейбір істерге қатысты өлім жазасына кесуді енгізу керек. Әсіресе, терроризмге қатысты. Менің ойым осы. Дегенмен шешімді заң шығаратын орган қабылдайды", - деді Астана қаласының судьясы Сайран Әлімбаев ОКҚ брифингі барысында.

Айта кетейік, таяу күндері экс-прокурор, ҚР Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбай лаңкестерге өлім жазасын кесуді ұсынған болатын.

2013 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті өлім жазасына мораторий жариялаған болатын. Оған дейін Қазақстанда өлім жазасына кесу туралы 563 үкім шықты. 2014 жылы Қазақстан өлім жазасына кесуден толықтай бас тарту керек деген пікірлер де айтылды. Мамандардың айтуынша, жазаның бұл түрі криминогендік жағдайды жақсартпайды. Сонымен қатар, олар өмір бойына бас бостандығынан айыру өлім жазасына кесумен бірдей екенін жеткізді. Дегенмен Бас прокуратура Конституция бойынша мұндай шешім қабылдауға тыйым салынғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети