Судья "Серік-головаға" қатысты шыққан үкімді түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья "Серік-головаға" қатысты шыққан үкімді түсіндірді © ҚР ҰҚК

Судья Серік-голова лақапатымен танымал Серік Жаманаевқа қатысты шығарған үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Судья Серік-голова лақапатымен танымал Серік Жаманаевқа қатысты шығарған үкімді түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, соттың шемімен "Серік-голова" 19 жылға сотталған болатын.

"Бұл адам заңға бағынып, өмір сүргісі келмейді. Бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғаннан кейін ол бір ай ішінде жаңа қылмыс жасау үшін ұйымдасқан топ құрды. Бұл оны қайта тәрбиелеу қоғамнан оқшаулау жағдайында ғана мүмкін екенін көрсетті. Сондықтан сот осындай қатаң жаза тағайындады, яғни прокурордың ұстанымымен келісті.

Сот сотталушы бостандықта болған бір ай ішінде 1,7 миллион теңге және 6,5 мың доллар табыс тауып, қымбат көлік сатып ала алмайды деген қорытындыға келді. Бұл оның қылмыстық әрекетінің жемісі. Мұның бәрі мемлекет кірісіне тәркіленді", - деп түсіндірді судья.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу", 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы "адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық", 106-баптың 3-бөлігі "абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети