“Суға батырып, аяғын сүйгізген“: әкімдік қызметкері қамауға алынып, жұмыстан шеттетілді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Суға батырып, аяғын сүйгізген“: әкімдік қызметкері қамауға алынып, жұмыстан шеттетілді видео кадры

16 жастағы қызға қысым көрсетті деген Масақ ауылдық округі әкімдігінің күдікке ілінген қызметкері жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы қызға қысым көрсетті деген Масақ ауылдық округі әкімдігінің күдікке ілінген қызметкері жұмыстан шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның мән-жайы

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сәйкес, екі әйел 16 жастағы қызды үйінен алдап шығарып, ұрлап әкеткен.

Жәбірленушінің анасының айтуынша, бұл әрекеттерді жасауға әйелдің қызғанышы себеп болған. Ол қызды кездесуге шақырған. Одан соң олар шылым шегіп, тұқылын қыздың қолы мен аяғына басады. Мұнымен де тоқталмай, оны өзен жағасындағы иен жерге апарып, "қалыңдық" қызды соққыға жыққан, бірнеше рет басын суға батырған және аяғын сүйгізген. Құрбысы бұл сәттердің бәрін видеоға түсірген.

Одан кейінгі жағдай ақылға сыймайды: ересек әйелдер қызға таяқты пайдаланып зорлық көрсетуді ұйғарған. Барлық азаптаудан соң қызды үйіне әкеліп тастап, егер біреуге айтса, видеоны барлық таныстарына жібереміз деп қорқытқан.

Арыз

Жәбірленушінің анасының айтуынша, қызы жағдайды ішінде сақтап, жасырын түрде тыныштандыратын дәрілер ішкен, бірақ ақыр соңында шыдамай, бәрін айтып берген.

Сол күні анасы полицияға арыз жазған. Күдіктілер – 1996 жылы туған екі әйел. Дереккөздер мәліметінше, олардың бірі ауылдық округ әкімдігі аппаратында компьютерлік жүйелер операторы болып жұмыс істейді.

Полиция пікірі

Алматы облыстық Полиция департаменті бұл деректі растады және күдіктілердің ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Казахстанские новости тут (@lavina.kz)

Әкімдіктің ресми пікірі

Әкімдік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдікті 2021 жылдан бері Масақ ауылдық округі әкімі аппаратының компьютерлік техника операторы болып жұмыс істейді.

"Лауазым мемлекеттік қызметке жатпайды, техникалық қызметкерге жатады. Қазіргі уақытта әйел қамауда отыр және сот шешімі шыққанға дейін жұмысынан уақытша шеттетілді", – деп хабарлады әкімдік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети