Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sulpak алдында кесілген ағаштар Қызыл кітапқа енгізілген Фото:elements.envato.com

Sulpak ғимаратының алдында кесілген емендер Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Sulpak ғимаратының алдында кесілген емендер Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл туралы Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқарма емен түрінің құрамы мен келтірілген зиянды анықтау үшін ботаникалық бақ пен Іле-Алатау ұлттық паркіне сауал жолдады. Сарапшылар кесілген ағаштар Қазақстанның Қызыл кітабына енгенін анықтады. Ол жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін түр", - деді Наталья Ливинская.

Басқарма басшысы ведомствоға кәсіпкерлер тарапынан ағаш кесуге өтініш түспегенін атап өтті.

"Жексенбіде біз оқиға орнына бардық. Екі жеке кәсіпкерге айыппұл салынды. Бұған олардың ағаштарды кескені және абаттандыру ережелерін сақтамағаны себеп болды. Біз Sulpak қожайынының өтемақы ретінде ағаштар отырғызуын талап етеміз", - деді Наталья Ливинская.

Еске салайық, бұған дейін алматылықтар Төле би көшесіндегі ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Тұрғындардың кейбірі ағаштардың кесілгеніне Sulpak компаниясы кінәлі екенін жазған болатын. Алайда Sulpak өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген.

Ал бірақ кейінірек Алматы әкімдігінің өкілдері ағаштардың Sulpak мердігерлері кескенін айтқан. Әкімдіктегілердің мәліметінше, 13 ағаш (9 емен және 4 қарағай) кесілген.

Артынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударған болатын. Ол Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік терксеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети