24 қараша 2020 | 11:57

Sulpak маңындағы ағаштарды кесу ісі: Қала прокуратурасы тергеуді бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

Алматы қалалық прокуратурасы Төле би мен Әуезов қиылысының маңындағыағаштарды заңсыз кесу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық прокуратурасы Төле би мен Әуезов қиылысының маңындағыағаштарды заңсыз кесу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қала прокуратурасы Sulpak дүкеніне іргелес аумақты абаттандыру кезінде жеке кәсіпкердің ағаштарды заңсыз кесу фактісіне жауап берді. Уәкілетті мемлекеттік органдар аталған ағаштарды кесуге рұқсат бермегені анықталды. Аталған факт бойынша Алматы қаласының табиғатты қорғау прокуратурасы ҚР ҚК-нің 340-бабы (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында тиісті сараптамалар тағайындалатыны, оның нәтижелері бойынша залал бағаланып, құқықтық баға берілетіні айтылады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Алматы қаласы прокуратурасының бақылауында.

Алматыда заңсыз оталған ағаштар: Тоқаев Сағынтаевқа тапсырма берді

Еске салайық, мұның алматылықтар ағаштардың кесілгеніне наразылық білдірген еді. Жасыл экономика басқармасының баспасөз қызметі мен Sulpak компаниясының өкілдері осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын. Сол пікірінде "Arena S" (Sulpak сауда маркасы) компаниясының өкілдері ағаштар кесілген аумақ компания меншігіне жатпайтынын мәлімдеген еді.

Кейінірек ағаштардың кесілуіне байланысты қала әкімдігі өкілдері пікір білдіріп, 13 түп ағашты заңсыз кескендер жазаланғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети