Сауда және интеграция министрлігі өкілдері премьер-министрдің орынбасары - ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың іссапарына арналған арнайы бортына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігі өкілдері премьер-министрдің орынбасары - ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың іссапарына арналған арнайы бортына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері Бақыт Сұлтанов көп жағдайда эконом класпен ұшқанын мәлімдеді.
"Бизнес-класс эконом класта билеттер болмаған жағдайда ғана шұғыл жағдайларда ұшуға тура келді (Үкіметтің "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге арналған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес премьер-министрдің орынбасарларына "Бизнес" класының тарифі бойынша әуе көлігімен тасымалдауға рұқсат етілді", - деп хабарлады сауда министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері Сұлтановтың Алматы қаласы мен Алматы облысына биылғы ақпанда жасалған сапары туралы да пікір білдірді.
"Бұл нақты жағдайда мәселелерді сол жерде шешу үшін бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын делегацияның ұшып шығу қажеттілігі болғанын атап өткеніміз маңызды. Осыған байланысты арнайы борт ("Бүркіт" мемлекеттік әуекомпаниясы" ШЖҚ РМК литерлік рейсі) пайдаланылды.
Сондай-ақ, Сауда министрлігі Сұлтановтың Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы" өткізу пункттерін, "Қорғас-Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағын және "Қорғас" ШЫХО-ны аралауы туралы айтып берді.
"Шұғыл мәселелерді шешуге екі күн ғана уақыт берілді. Осыған байланысты мәселелерді жедел шешу мақсатында осындай жағдайларға арналған арнайы борт пайдаланылды. Жалпы, жыл басынан бері Бақыт Сұлтанов шамамен 15 жұмыс іссапарына барды. Олардың көпшілігі - шетелдік іссапарлар, соның ішінде Мемлекет басшысының сапары аясындағы сапарлар бар", - деп қорытындылады министрліктегілер.
Бұған дейін Telegram-дағы ProTenge арнасында бұл туралы ақпарат жарияланған, онда Бақыт Сұлтанов бюджеттен Алматы облысына екі күндік іссапарына 9,6 миллион теңге жұмсады делінген еді.
17 мамырда вице-премьер Ералы Тоғжанов журналистің "министрлердің миллиондаған қаражатқа жасаған іссапарлары" туралы сұрағына жауап бере отырып, қазақстандық министрлердің жеке ұшақтары жоғын, сондықтан рейс ұшақтарымен ұшатынын мәлімдеген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!