01 желтоқсан 2018 17:30

Сұлтанов Тұңғыш Президент күні босанған әйелдерге сыйлықтар таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Астана әкімі Тұңғыш Президент күні туылған балаларды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.


Астана әкімі Тұңғыш Президент күні туылған балаларды құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Жас аналарға гүл шоқтары, серуенге арналған арба мен нәрестелерге арналған бұйымдар сыйға тартылды.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов №2 қалалық көпбейінді ауруханадағы Тұңғыш Президент күні дүние есігін ашқан нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады.

"Балаларыңыз лайықты азамат болып өсіп, барлығымызды қуанта берсін. Олар ерекше күні дүниеге келді - Тұңғыш Президент күні. Олардың бәрі де болашақта Отанымыздың атын шығаратын азаматтар болсын", - деді Бақыт Сұлтанов.

Мұнда 1 желтоқсанда таңертең алты бала дүние есігін ашты. Олардың үшеуі - ұл, үшеуі - қыз. Жаңа туған сәбилердің де, аналардың да жағдайлары қалыпты. Мерекелік акция барысында қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, бас дәрігер Иван Ли Астана әкіміне екі емдеу мекемесінің арасындағы диагностикалық орталықтың қабылдау бөлімін ашуға қатысты жобаны таныстырды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, бүгін мерекелік акция Астананың барлық перинаталды орталықтарында өтіп жатыр. Жас аналарға гүл сыйлап, серуенге арналған арба мен отандық кәсіпкерлер шығарған нәрестеге қажетті бұйымдар тарту етілген. Жиынтықтың құрамына кіретін заттар: жұмсақ түкті көрпе, жаялық, жейде, бас киім, киім-кешек, ыдыс. Астананың 20 жылдығына орай жаңа туған балалардың барлығына жиынтық үлестіріледі және бұл акция жыл соңына дейін жалғасады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети