Сұлтанов тұтынушылардың құқы қалай қорғалатынын айтты

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов барлық өңірдегі өкілдермен Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын құруды және мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тұтынушыларының бағалау көрсеткішін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов барлық өңірдегі өкілдермен Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын құруды және мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тұтынушыларының бағалау көрсеткішін енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Қазақстандағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін түбегейлі жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жаңа инициативаны қарауды ұсынамыз. Барлық өңірдегі өкілдермен Тұтынушылардың ұлттық қауымдастығын құру мүмкіндігін қарастыру", - деді ол Үкімет отырысында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов үкіметтік емес ұйымдардың негізінде омбудсмен институтын құруды ұсынды.

"Нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу кезінде тұтынушылардың мүдделеріне талдау жүргізу және уәкілетті органмен келісу сынды міндетті талапты енгізу. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ, квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтерін бағалау көрсеткіштеріне, ағылшынша атағанда KPI, тұтынушылар тарапынан қанағаттану мен олардың жұмыстарына сенім деңгейін енгізу керек", - деді министр.

Ведомство басшысы қысқа мерзімде нормативтік-құқықтық актілерге тиіс өзгерістер енгізуге дайын екенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная