Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалдарға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қазнетте қызу талқыға түскен бейнежазбаға қатысты сауалдарға Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Әбішев пен Шымкент қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Болат Малимов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сірке қышқылы қоспасы көп қабатты тұрғын үй аулаларына (1 156 аула) және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарға арнайы су шашатын құрылғылармен қолданылады. Жұмыс концентрацияларында қолданылатын (0,001–0,03%) НУК ерітінділерінің өткір иісі жоқ, жергілікті тітіркендіргіш, сенсибилизациялайтын және кумулятивті әсері жоқ және тыныс алу органдарына травматикалық әсер етпейді. Яғни, сұйылтылған түрінде уыттылығы аз заттар. Қазіргі таңда қаланы залалсыздандыру жұмыстарына екі түрлі қоспа қолданылып жатыр. Атап айтқанда, гипохлорид кальций 35% (хлор) және сірке қышқылы (надуксусная кислота). Жоғарыда аталған екі қоспаның да тиісті сараптамалық қорытындысы бар", – деді Малимов.
Яғни, бейнежазбада көрсетілген Еңбекші ауданында әскерилер жасаған дезинфекциялық жұмыстарына сірке қышқылы (надуксусная кислота) қолданылған. Мамандардың айтуынша, мұның сумен араласқаннан кейін иісі болмайды, түсі де өзгермейді. Адам ағзасына кері әсері жоқ, қоршаған ортаға қауіпті емес. Бір тиімділігі бактерияларды тез арада өлтіреді.
Айта кетейік, аталған сұйықтық дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген, арнайы сертификаты бар. Бірақ бейнежазба барысында бұл жөнінде әскерилер дер кезінде жауап бере алмаған.
Әскерилердің бейнежазба авторының сауалдарына жауап бере алмауының себебі олардың құрылғысына сірке қышқылы араластарылған арнайы суды әкеп береді екен.
Жауаптылардың сөзіне сенсек, сірке қышқылын еліміздің өзге де өңірлерінде коронавирусқа қарсы кеңінен қолданып жатыр. Бүгінде нәтижесі де жаман емес.
"Қазіргі таңда Шымкент қаласында індеттің өсу динамикасы төмендеп жатыр. Бұл – атқарылып жатқан санитарлық жұмыстардың нәтижесі. Ал әлеуметтік желіде таралған бейнежазба жайында айтсам, залалсыздандыру заттарын қарапайым халық пайдалануға болмайды. Дезинфекциялық заттардың үш түрі болады. Дезинфекция микроорганизімдерге, дезинцекция жәндіктерге және үшінші түрі – дератизация", – деді Мотайұлы.
Сондай-ақ, брифингте әлеуметтік желіде бейнежазба авторына арнайы түсіндірме жұмыстары жүргізілгені және дезинфекциялық заттардың сараптамалық қорытындысы бар екені айтылды. Сонымен қатар БАҚ өкілдері тарапынан қосымша қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.
Еске салайық, Шымкенттік тұрғын дезинфекция жасап жатқан әскерилер көшені қарапайым сумен тазалап жатқанын айтып, айыптаған. Видео 28 шілде әлеуметтік желілерде пайда болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!