10 тамыз 2023 13:00

Сұңқар америкалық әйелге шабуыл жасады

Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

АҚШ-та сұңқар шөп шабумен айналысып жүрген Техас тұрғынының үстіне тұмсығындағы жыланды тастап жіберіп, содан кейін олжасын қайтарып алу үшін әйелге бірнеше рет шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

64 жастағы Пегги Джонс үстіне жыланның кенеттен аспаннан құлағанын айтады. Содан кейін сұңқар жыланды алып, әйелге бірнеше рет шабуыл жасаған. Нәтижесінде әйелдің білегінде терең кесілген және көгерген із қалды.

"Мен айқайладым. Жылан шағып алды деп ойладым. Ол бетімнен, көзілдірігімнен ұрды. Көзілдірігімдегі линзаның сынғанын және жыланның уы бар екенін байқадым", - деді жарақат алған әйел.

Оқиғадан кейін әйел жедел жәрдем бөлмесіне жеткізіліп, дәрігерлер тексергенімен, жылан шағу белгілерін таппаған. Басылым мәліметінше, шабуылдан кейін Джонс әлі де болған жағдайдан есеңгіреп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети