17 маусым 2024 | 16:53

Super bol əлеуметтік жобасының гранд финалы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қажымұқан атындағы орталық стадионда "Super bol" қазақстандық футбол-əлеуметтік жобасының үлкен финалы өтті. Бұл - бірегей және ауқымды спорттық жоба. Жастарды спортқа, бәсекелестікке қызығушылығын арттыру, жан-жақты әрі талантты жас футболшылар үшін бастапқы алаң ұсынуды мақсат еткен. Жоба өзінің ауқымдылығы мен бірегейлігіне байланысты отандық және шетелдік аудиторияның қызығушылығын тудырды.

Иконка комментария блок соц сети

Үшінші маусымның гранд финалының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы Асқар Омаров, жобаның бас менеджері Давид Лория қатысты.

Қала әкімі КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеваниди және де шетелдік қонақтарға шапан жауып, құрмет көрсетті. Асқар Омаров Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға көңіл бөліп жатқанын, мұндай жоба бұқаралық спортты дамыту, жас футболшыларға зор серпін беретінін атап өтті.

Гранд финалда кеңестік және еліміздің футболының аңыздары Вахид Масудов пен Дмитрий Огайдың командалары кездесті. Сонымен, үлкен финалда Вахид Масудовтың командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Сондай-ақ, үзіліс кезінде отандық жұлдыздар өнер көрсетті. Көрермендер үшін футболдың үздік дəстүрлеріне айналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Шымкент ІСБ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети