18 тамыз 2021 | 16:02

"Сұрақ көп" - "Атамекен" қыркүйекте басталатын тексеріс туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіпорындарда вакцина салғызбаған қызметкерлерді тексеру жоспары "көп сұрақ туғызатынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Денсаулық сақтау министрлігінің кәсіпорындарда вакцина салғызбаған қызметкерлерді тексеру жоспары "көп сұрақ туғызатынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокуратураның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының жұмыс орнында вакцина алмаған қызметкерлердің болуына және кәсіпкерлерге айыппұл салу мүмкін емесіне қатысты тексерулердің заңды негізі жоқ екенін көрсеткен жауабынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі вакцина алмаған қызметкерлерді тексеру туралы тармақты заңды ету үшін мониторингтік топтар алгоритміне өзгерістер енгізіп жатыр", - деді "Атамекен" ҰКП басқармасы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол Өстеміров.

Оның айтуынша, ҰКП бөлім өкілімен бизнес-қоғамдастық кездесуін өткізген. Денсаулық сақтау министрлігі рейдтердің 1 қыркүйекте басталатынын растады, бірақ сатылы механизм қалыптаспаған, деді Өстеміров.

Ол министрлік мынадай алгоритмді қарастырып жатқанын айтты: кәсіпкер вакцина алған қызметкерлер тізімін жинап, жаңартып отырады, ал рейд болған жағдайда компания өкілі топ мүшесіне тізімді көрсетуі керек.

Ұсынылған схемаға қатысты "Атамекен" өкілдерінің сұрағы бар:

  1. Рейд кезінде қандай қосымша құжаттарды сұрауға болады?
  2. Егер қызметкердің вакцина алуға қарсы көрсетілімі бар құжаты жанында болмаса, қалай дәлелдеуге болады?
  3. Рейд мүшелерінде қандай базаларға кіру мүмкіндігі болады: ауырып жазылған, вакцина алғандар?

"Заңнама тұрғысынан алғанда, нормативтік актіні қабылдау рәсімдері сақтала ма, COVID-19-ға қарсы вакцина алмағаны үшін жұмыстан шеттету Еңбек кодексі нормаларына сәйкес келе ме, жоқ па, соны қарау маңызды. Тізімдерге жауап беретін кадр бөлімінің қызметкерлері жұмыс күні аяқталған кезде түнде вакцина алғандарды тіркеу туралы сұрақ жауапсыз қалды.

Антиденелер деңгейі жоғары адамдарды вакциналау қажеттілігі бар ма, вакцина алудан медициналық түрде босатылған адамдарда ПТР-сынамасын тапсырғаны туралы анықтама болуы қажет пе?

Министрлік біздің ұсыныстарымызды талқылауға дайын екенін білдірді, бірақ бізде екі апта ғана қалды", - деп толықтырды Ұлттық палата өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети