“Сұрамасаң - артық төлей бересің“. Астанада түбіртектерде “асыра жазылатын төлемдер“ қызу талқыға түсті

“Сұрамасаң - артық төлей бересің“. Астанада түбіртектерде “асыра жазылатын төлемдер“ қызу талқыға түсті Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желілерде өзін "Астана-Теплотранзит" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерімін деп таныстырған қолданушының аноним хабарламасы тарады. Жарияланымда елорданың жаңа тұрғын үй кешендерінде тұтынушыларға жылу үшін төлемдер негізсіз асыра есептелетіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде өзін "Астана-Теплотранзит" ЖШС-нің бұрынғы қызметкерімін деп таныстырған қолданушының аноним хабарламасы тарады. Жарияланымда елорданың жаңа тұрғын үй кешендерінде тұтынушыларға жылу үшін төлемдер негізсіз асыра есептелетіні айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазба, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Автордың айтуынша, жаңа үйлердің тұрғындары коммуналдық төлемдерді бақыламай бермейді: пәтерлерін жалға береді, сатады немесе бұған тиісті көңіл бөлмейді.

Жарнама
Жарнама

"Жаңа үйлерде көптеген тұрғындардың коммуналдық қызметтерге уақыты жоқ: пәтерлерін жалға береді, сатады немесе шоттарды қадағаламайды. Негізінен отбасылы адамдар - бұған бас қатырмайды. Соны пайдаланып, төлемге шағын сомаларды қоса отырып, "орташа көрсеткішпен" есептей салады", - делінген жарияланымда.

Автордың сөзінше, есептелген соманың мән-жайын білмек болғанда, стандартты жауап айтылады.

"Кімде-кім тексеріп, анықтай бастаса, дайын тұрған стандартты себептер шыға келеді: "тексеруден өтпеген", "мәліметтер берілмеген", "кеңсеге келіңіз". Соңында мәселе жекелей шешіледі - ол адамның есептегіші "дұрыс жұмыс істей бастайды", - дейді ол.

Сондай-ақ автор мұндай жағдай көптеген тұрғындардың бейжайлығынан байқалмай қалуы мүмкін деп болжайды.

"Сұрамасаң - артық төлей бересің. Ізденіп, анықтай бастағанда "қателер" жойылып, бәрі дұрыс есептеле бастайды. Ал қалғандары үндемегендіктен, бәрі бұрынғыша қала береді. Бұл қаншама пәтер екенін және қандай сомалар екенін елестетіп көріңізші", - делінген жазбада.

"Астана-Теплотранзит" не деп жауап берді?

"Астана-Теплотранзит" баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жылу энергиясы үшін есептеулер қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес - нақты тұтыну негізінде немесе есепке алу аспаптарының көрсеткіштері болмаған жағдайда есептеу тәсілімен жүргізіледі", - деп хабарлады компания тілшіге.

Ұйым түбіртектегі қорытынды сомаға бірнеше фактор әсер ететінін түсіндірді.

"Есептеулер мөлшері сыртқы ауа температурасына, жылу энергиясын тұтыну көлеміне, сондай-ақ есепке алу аспаптарының бар болуына және дұрыс жұмыс істеуіне байланысты. Есептеу кезінде пайдаланылатын барлық мәлімет түбіртектерде көрсетіледі және оны тұтынушылардың тексеруіне болады", - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ компания әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізілетінін баса айтты.

"Есептеулерге қатысты сұрақтар немесе күмән туындаған жағдайда, әрбір мекенжай бойынша жүргізілген барлық есептеуге түсініктеме бере отырып, егжей-тегжейлі тексеру жүргізіледі", - деп толықтырды "Астана-Теплотранзит".

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама