Сүрілген базарлардың орнына сауда орталықтары салына бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сүрілген базарлардың орнына сауда орталықтары салына бастады ©Роза Есенкулова

Алматыдағы сүрілген "барахолка" базарының орнына сауда орталықтары салына бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы сүрілген "барахолка" базарының орнына сауда орталықтары салына бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәулет және құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеудің айтуынша, қазіргі таңда салынатын сауда орталықтарының жобалары бекітіліп, барахолкадағы "Алатау", "Олжа", "Сәлем", "Юпитер", "Болашақ", "Сауран" базарларының иелері сәулет-жоспарлау тапсырамаларын алды. 

"Алатау" және "Олжа" базарларында құрылыс басталып та кеткен. "Сәлем" және "Юпитер" базарларының орнында да жақын арада құрылыс жұмыстары жүргізіледі. "Сауран" базарының иесі де Алатау ауданында салынатын сауда орталығының жобасын әзірлеу үстінде. Осы жобалардың құрылысы келесі жылдың аяғына дейін жүзеге асады деп жоспарлануда, дейді Ж.Айтілеу. 

Оның айтуынша, қалалық әкімдік сүрілген базарлардың иелеріне жаңа сауда орталықтарын салуға қаржылай көмектеспеген. Кәсіпкерлер өз ақшаларына жаңа сауда орталықтарын салып жатыр. Олар бұрынғы қара базарды заманға сай сауда орталықтарына айналдырмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы барахолканы ретке келтіру туралы мәселе осыдан біраз уақыт бұрын көтерілген болатын. Базардың иелеріне жаңа сауда орталықтарын салу туралы ұсыныс айтылған еді. Барахолкадағы көптеген базарлар қызыл сызықтан шығып кеткендігі ескертілген. Сондай-ақ базарларда өрт қауіпсіздігі шаралары сақталмайды әрі заманға сай көлік тұрақтары да жоқ. Сондықтан қала басшылығы базарларды бұза бастады. 2013 жылы барахолкада бірнеше рет өрт шықты. Өте үлкен көлемдегі өрт қыркүйек айында болды. Сол кезде барлығы 5400 шаршы метр жер өртенген болатын. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети