Швейцария президентінің Қазақстанға не үшін келетіні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцария президентінің Қазақстанға не үшін келетіні анықталды © akorda.kz

Швейцария президенті Ули Маурер Қазақстанға келеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Швейцария президенті Ули Маурер Қазақстанға келеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"21-22 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына Швейцария Конфедерациясының президенті - қаржы министрі Ули Маурер ресми сапармен келеді. Швейцариялық делегацияның құрамында бизнес өкілдері де болады.

22 қарашада мемлекеттер басшылары Ақорда резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелде сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети