"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында бөлімше командирлерінің курстық даярлығы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында бөлімше командирлерінің курстық даярлығы басталды © ҚР Қорғаныс министрлігі

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің бөлімше командирлерінің курстық даярлығы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығында Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің бөлімше командирлерінің курстық даярлығы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семей гарнизонында 2015 жылы 26 қазан мен 14 қараша аралығына жоспарланған бөлімше командирлерімен курстық даярлық өткізіліп жатыр. Ол 2015 оқу жылына арналған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлерін және басқаруды дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілу үстінде.

Курстық даярлық кіші сержанттар құрамының кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби даярлық шеңберінде олардың білімін тексеру, лауазымдық арналуына сәйкес сәтті практикалық қызмет үшін жеткілікті көлемде сержанттардың әскери, техникалық және арнайы білімді меңгеруі, оқыту мен тәрбиелеудің бірыңғай әдістемесін анықтау, бағыныстыларды оқытып-үйретуде инновациялық, перспективалық үлгілер мен әдістерді енгізу мақсатында өткізіліп жатыр.

Курстық даярлыққа 50 сержант тартылды. Бағдарламаға сәйкес 15 оқыту пәні бойынша 120 оқу сағаты бөлінген. Атап айтқанда, дәрістер, семинарлар, топтық және практикалық, сонымен қатар әдістемелік сабақтар бар. Практикалық бағыттылық - 50 пайыз.

Айта кетейік, сабақтар блокты әдіснама бойынша өткізіледі. Осылайша, әр сабақтың басында және аяғында тестілеу, практикалық сынақ және тактикалық лездемелер тапсыру түрінде сынақтар қабылданады.

Фото предоставлено пресс-службой Министерства обороны РК.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети