Шығыс Қазақстан автожолдарында көлік қозғалысы шектелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан автожолдарында көлік қозғалысы шектелді ©Тұрар Қазанғапов

12 ақпан күнгі сағат 05.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыз болуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 ақпан күнгі сағат 05.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыз болуына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазақавтожол" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында қар, боран мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Өскемен - Семей автожолының 8-198-шақырымдардағы (Герасимовка ауылы - Семей) учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Сонымен қатар, 12 ақпан сағат 07.00-ден бастап, Өскемен - Шемонаиха - Ресей шекарасы (Глубокое - Ресей шекарасы) автожолының 15-123-шақырымдардағы учаскесі жабық тұр.

"Қазақавтожол" кәсіпорны баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін ауа райына байланысты Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе облыстарында шектеу енгізілген бірқатар автокөлік жолы қазіргі уақытта ашық.

Еске сала кетейік, 10 ақпаннан бері ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы автожолдардың бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектелген болатын. Синоптиктер 10-12 ақпан күндері Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстары оңтүстік циклон ықпалында болатынын, сондықтан бұл өңірлерде дымқыл қар жауып, тұман түсетінін ескертті. Сонымен қатар, көктайғақ болады деп болжады. Ал шығыста ауа температурасының төмендеп, қар жауып, боран соғатыны айтылды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети