Шығыс Қазақстанда жүкті әйел қар құрсауында қалған көлікте босана жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда жүкті әйел қар құрсауында қалған көлікте босана жаздады © ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстанда жүкті әйел қар құрсауында қалған көлікте босана жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда жүкті әйел қар құрсауында қалған көлікте босана жаздады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүкті әйел "Алматы-Өскемен" тас жолынан 52-53 шақырымда тұрып қалған жолаушылар автобусында болған. Жолда тағы үш автобус, сегіз КАМАЗ бен 25 жеңіл автомобиль қар құрсауында тұрып қалыпты. Көліктер жолда бірнеше сағат бойы жол қызметінің көмегін күтеді. Дегенмен кешке қарай автобус жүргізушілерінің бірі жолаушылардың бірінің толғағы басталғанын хабарлайды.

"Құтқарушылар мен "Апаттар медицинасы орталығының" қызметкерлері дереу жолға шықты. Дәрігерердің көлігі көлікке 10 шақырым жер қалғанда тұрып қалған. Сондықтан да дәрігерлер құтқарушылардың көлігімен әйелге жетіп, оны жедел жәрдем көлігіне әкелуге мәжбүр болды. "Апаттар медицинасы орталығының" қызметкерлері әйелді қалаға дейін әкеле алды, кейін перзентхана қызметкерлеріне тапсырды", - делінген хабарламада.

Құтқарушылардың тағы үш әйелді балаларымен бірге қалаға әкелгені белгілі болды. Адамдар жолдың тазаланғанын күтпей, құтқарушылармен бірге Өскеменге оралған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети