Шығыс Қазақстандағы 45 елді мекенде су тасу қаупі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстандағы 45 елді мекенде су тасу қаупі бар © yvision.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы 6 ауданда су тасу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы 6 ауданда су тасу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, алдағы демалыс күндері ШҚО аумағында ауа температурасы 22 градусқа жетуі мүмкін. Осыған байланысты, аймақта дайындық жұмыстары бақылауда болғанымен, мамандар кейбір өңірлерге баса назар аударып отыр. Ол 6 ауданның қатарында: Бесқарағай, Глубокое, Зырян, Катон-Қарагай, Көкпекті және Шемонаиха аудандары бар.

"Бүгінгі таңда 45 елді мекен қатаң бақылауға алынды. Мамандардың болжауынша, күннің күрт жылынуынан облыстың 6 ауданында төтенше жағдайлар туындауы мүмкін. Жауапты мекемелер өңірлерде су тасқынының алдын-алу шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Александр Ломыгиннің айтуынша, облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың шұғыл түрде алдын-алу мақсатында арнайы штаб құрылды. ШҚО ТЖД-нің жеке құрамынан іріктелген 254 құтқарушы 6 топқа жасақталған.

"10-13 сәуір аралығында штабтың топтары мен арнайы құрал-жабдықтар аталған өңірлерге бағытталады. Автокөлікті техникалар, жүзу және құтқару жабдықтары толық даярланған. Қазіргі уақытта өңірдегі су қоймалары мен өзендердің жағдайы ұдайы бақылауға алынған", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында бір ауылды қар суының басып қалғаны хабарланған еді. Қар суының астында қалған аймақ - Шет ауданының Ағадыр ауылы. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қар суынан ондаған үйге зақым келген, төтенше жағдай 24 наурыз күні кешкі уақытта басталыпты. Ал бұдан кейін осы облыстағы облысының алты ауыл мен бір қаланы еріген қар суының басып қалғаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети