Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істерді тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Антикор мәліметінше, биыл қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан жүйелі жемқорлықтың 49 дерегі анықталды, 212 адам әшкереленді. Агенттік ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеуді аяқтады.
"Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 40 миллион теңгеден астам бизнес өкілінен жүйелі негізде пара алды деп күдіктеліп отыр. Тергеу соты күдікті адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеті тоқтатылды", - делінген хабарламада.
Павлодар облысында "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеу аяқталған.
"Күдіктілер аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланумен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу бойынша айыпталды.
Шарбақты ауданының аумағында "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директоры бастаған ұйымдасқан қылмыстық топ 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында технологиялық және отын ағаштары түріндегі іскерлік сүректі заңсыз сату арқылы шамамен 153 миллион теңге сомаға орман ұрлаған", - делінген хабарламада.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды. Осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын "Семей Орманы" басшылығы сотталған болатын. Аталған қылмыстардың жасалу себептерін талдау көрсеткендей, тұрақты жемқорлық схемалары жолын кесу үшін жүйелі және кешенді шаралар қабылдау қажет. Агенттік бейінді министрліктің атына тиісті ұсыныс жолдады.
"Түркістан облысында білім беру саласында жемқорлық әрекеттері үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Шардара ауданының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
12 қатысушыдан тұратын тұрақты қылмыстық топ білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы 2020-2023 жылдар кезеңінде жүйелі негізде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктенеді. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 3,7 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр".
Жетісу облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұйымдасқан қылмыстық топ құру және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында оған қатысу дерегі бойынша Талдықорған қаласының білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді аяқтады.
"Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы наурыз аралығында Талдықорған қаласының аумағында 13 қатысушыдан тұратын адамдар тобы құқыққа қарсы іс-әрекеттермен айналысқан. Олар жүйелі түрде білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақы аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 4,3 миллиард теңге көлемінде залал келтірілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!