Сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті Грузиядан экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан прокуратурасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен ІІМ Интерполының көмегімен аса ірі көлемде пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан азаматты экстрадициялады.

"Ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері бола тұра, 2022 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункті арқылы ауыр жүк көліктерінің кедергісіз өтуіне көмек көрсеткені үшін кәсіпкерлік субъектілерінен 37,5 миллион теңге көлемінде пара алған деп күдіктеледі.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

2023 жылғы қазанда ол Грузияда ұсталған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети