11 мамыр 2021 15:03

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы бірінші кезекте не істейтінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов жаңа лауазымында бірінші болып немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Марат Ахметжанов жаңа лауазымында бірінші болып немен айналысатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағайындаудан кейін Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшуге дайындық жүріп жатыр. Бұл әр орган құзыреті шегінде өзіне тән жұмысты орындайды деген сөз. Сотқа дейінгі тергеу органы - біз. Біз қылмыстарды анықтап, ашып, дәлелдемелерді заңды түрде жинап, прокурорға ұсынуымыз керек.

Прокурордың келісімінсіз процестік шешімнің заңды күші жоқ, бұл екінші.

Үшіншісі - барлық жиналған дәлелге баға беретін, үкім шығаратын сот", - деді Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының пікірінше, үш буынды модель - Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаудың кепілі.

"Өкінішке қарай, қылмыстық процесте айыптау жағы басым, сондықтан адамның тағдырын бірнеше орган шешуі керек. Сүзгіден өтуі тиіс. Әрине, бұл бізге сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша соталды тергеу органы ретінде белгілі бір міндеттемелер жүктейді. Біз СДТБТ-ға тіркеуді, дәлелдемелер жинап, адамның кінәлі екенін заңда белгіленген ережелер шеңберінде жүргізуіміз керек", - деді Ахметжанов.

Агенттік басшысына берілген тапсырмалардың бірі - басқарушылық қателіктер мен қылмыстық жауапкершіліктің аражігін ажырату.

"Менің бүгінгі міндетім салдармен емес, себептермен күресу. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың не үшін кім жасайтынын, қай жерде, заңдардағы, нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтарды іздеу.

Екіншіден, әрине, жазаның өзгермеуі. Біз жасырын формаларға өте мұқият назар аударуымыз керек. Яғни, сыбайлас жемқорлық схемаларына. Сондықтан алда үлкен жұмыс күтіп тұр, біз тек басындамыз. Міндеттер орындалады деп ойлаймыз", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети