19 наурыз 2014 | 15:50

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің жаңа төрағасы сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото remarka.kz сайтынан Фото remarka.kz сайтынан

ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне Парламент Мәжілісінің депутаты Қайырбек Сүлейменов сайланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған орай, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика мәселелеріне арналған кеңестің бүгінгі отырысы басында агенттік төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин депутат Қ.Сүлейменовке төраға куәлігін ресми түрде табыстады. "Бұған дейін біз қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы қызметіне Қайырбек Шошанұлын ұсынған едік. Оған қатысты ешқандай сұрақ туындаған жоқ. Бәрі бірдей дауыс беріп, бірауыздан қолдады. Бүгінде арнайы бұйрық та шығып қойған", - деп атап көрсетті А.Лукин. Төрағаның жаңа куәлігін алған Қ.Сүлейменов: "Ал, енді көресіздер!" (орыс. - "Ну, держитесь теперь!")", - деп бір қалжындап қойды. Оның айтуынша, кеңестің бұрынғы төрағасы Оралбай Әбдікәрімов жаңа қызметке ауысты. Бүгінде ол "Жаңару" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысын басқарады. Алайда О.Әбдікәрімов мырза қоғамдық кеңес мүшесі болып қала береді.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети