Сымбатты көрінгісі келеді: Қазақстанда ерлер пластикалық отаға жиі жүгінетін болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© fotojoin.ru © fotojoin.ru

Әйелдерден кейін пластикалық хирургия көмегіне ер адамдар да жүгінетін болыпты. Дәрігерлердің сөзінше, қазақстандық ерлер қатал және жастау көрінгісі келеді екен. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әйелдерден кейін пластикалық хирургия көмегіне ер адамдар да жүгінетін болыпты. Дәрігерлердің сөзінше, қазақстандық ерлер қатал және жастау көрінгісі келеді екен. 

Ер адамдардың қалай өзгергісі келетіні туралы Tengrinews.kz тілшісіне пластикалық хирургия мамандары айтып берді. 

Пластикалық хирург Анастасия Цойдың сөзінше, ер адамдар мұрын пішінін өзгерту үшін (ринопластика) көп келеді. Оның айтуынша, бұл кемшілігін өзгерту қажеттілігінен гөрі тұрмыс жағдайының жақсаруына көбірек байланысты. Ерлердің көп сұрайтыны - қисық және құс мұрынды түзету. Мұндай операциялардың құны 250 мың теңгеден басталады. 

Сонымен қатар, ер адамдар қабақ пішінін "еуропалық" етіп өзгертуін (блефаропластика) сұрап келеді. Дәрігер мұндай ер адамдар көбіне әйелінің өтінішімен келетін егде адамдар екенін байқаған. Кейде ер адамдарды әйелдерінің өздері ертіп келеді. Блефаропластика құны 80 мың теңгеден басталады. 

Ал 35-40 жастағы кей адамдар жасырақ көрінгісі келетін болып шықты. Ол үшін Биш майларын алып тастауды сұрап келеді. Мұндай операциядан кейін бет пішіні кішірейгендей болады. Сонымен қатар, салбыраған иекті де алып тастауын сұрайтындар бар. 

Хирургтердің айтуынша, сүт безін алдырып тастауды сұрайтын ер адамдар да бар. Кей ерлерде сүт безінің қалыптасуы әйелдердің фенотипімен жүреді (гинекомастия). Бұл ерлер арасында көптеп таралған қиындық, сондықтан оны алып тастау бойынша сұраныс көп. Дегенмен бұл отадан кейін үрпіні қалыпан келтіру отасы жасалады. 

Жалпы алғанда әйелдерге қарағанда ер адамдар пластикалық хирургтерге сирек келеді. Дегенмен ондай ерлердің саны артып жатқанын айтады хирург мұхтар Қобыландин.

Ал ер адамның жыныс мүшесін үлкейту мәселесіне қатысты хирург қазір ондайға сұраныс жоғын айтады. Мұндай мәселемен әзірге оған бір адам ғана келген. 

"Қазақстанда ерлер толыққанды, оларда бәрі дұрыс", - деп атап өтті хирург. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer