Сындырған және лақтырып жіберген. Алматы облысында көшет ұрлаған ер адам өз әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сындырған және лақтырып жіберген. Алматы облысында көшет ұрлаған ер адам өз әрекетін түсіндірді

Алматы облысының полицейлері қылқан жапырақты ағаштардың көшеттерін ұрлап кеткен ер адамды ұстады. Ол жаңа ағаштар отырғызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында болған. Ер адамның айтуынша, ол табиғатқа кездейсоқ зиян келтірген.

"Мен Уәлиханов көшесімен автопарк жаққа велосипедпен келе жатқанмын. Төмен қарай бұрылып жатқан көліктен түскен жарықтан көзім жұмылып қалды. Осылайша байқаусызда бір көшетті сындырдым, ал екіншісі зақымданғанын көргенде, зиян келтіргенім үшін жазаланамын деп қорыққаннан көшеттерді алып, лақтырып жібердім. Сынған велосипедім үйде жатыр, қатты жылдамдықпен қозғалғанмын", - деді 29 жастағы ер адам.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша ӘҚБтК-нің 505-бабы "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ер адамға 20 АЕК (55 560 теңге) айыппұл салынды. Ол жаңа көшеттер отырғызды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети