10 маусым 2021 | 09:14

Сынға ұшыраған Цойдың министрлігі депутаттарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алексей Цой мәжілісте. © Видео кадры Алексей Цой мәжілісте. © Видео кадры

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері депутаттардың медициналық қызметтер сапасына халықтың көңілі толмайтыны және ведомство басшысы Алексей Цойдың халық алдында ашық болуы туралы сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері депутаттардың медициналық қызметтер сапасына халықтың көңілі толмайтыны және ведомство басшысы Алексей Цойдың халық алдында ашық болуы туралы сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз орынбасарлары сияқты тұрақты түрде өңірлерге шығып тұрады, облыс жетекшілері мен денсаулық сақтау басқармалары басшылары деңгейінде ғана емес, медициналық жұмысшылар мен медұйымдардағы азаматтармен де кездесу өткізеді", - деп сендірді министрліктегілер.

Баспасөз қызметіндегілердің хабарына қарағанда, 4 сәуірде Цой тіркелген тұрғындарды коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналауға дайындығын тексеру үшін № 4 елордалық емханаға барған. 15 сәуірде министр Алматы облысына барған, ал 27 сәуірде премьер-министр Асқар Маминнің жұмыс сапары барысында Маңғыстау облысына барып, медициналық нысан мен өңірдегі вакциналау қарқынын тексеріп қайтқан.

21 мамырда Цой Қарағанды облысындағы эпиджағдаймен танысқан. 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысына, Семейге жұмыс сапарын жасаған. 24 мамырда ШҚО-дағы Аягөз ауданаралық ауруханасына барған, аурухана ұжымымен кездескен.

"Цой Алматы облысында Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылының дәрігерлер амбулаториясына барды, Талғар аудандық Ақбұлақ ауылындағы көшпелі медициналық кешеніндегі коронавирусқа қарсы вакациналау пунктінде болды, сондай-ақ, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында бірнеше вакциналау пунктіне барды.

Ауылдағы денсаулық сақтау жағдайы министрліктің айрықша назарында. Бұл саланы дамытуға барлық қызметтің назары аударылған. Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі басшылығы тұрақты түрде өңірлерге шығып тұрады, бұл сапарлар кесте бойынша жалғасады", - деп мәлімдеді ведомстводағылар. 

Ведомство өкілдері депутаттардың журналистердің сұрағы жауапсыз қалып жатқаны туралы сынына да жауап берді. 

"Алдағы уақытта Алексей Цой жұмыс қорытындысы мен өңірлік денсаулық сақтау мекемелеріне жасалған мониторинг бойынша міндетті түрде БАҚ өкілдерімен кездеседі", - деп уәде берді министрлік өкілдері.

Еске салайық, Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрлігін елдегі медициналық қызмет сапасына халықтың көңілі толмайтынын айтып сынаған еді. Елде 1,6 триллион теңге қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға арнайы бөлінген, алайда қазақстандықтардың жартысына жуығы емдеу сапасына көңілі толмайтыны айтылған.

Депутаттар министрді "халық алдына шығуға" шақырып, халықпен санитария дәрігерінің қаулысы арқылы сөйлесуді доғарып, өңірдегі ауруханаларда кезекте отырған тұрғындармен сөйлесуге шақырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети